Эпителиоциттер (epitheliacytos, грек, ері — үстінде, thele еміздікхие, kytos — жасуша) эпителий ұлпасының жасушалары. Эпителиоциттер — бір-бірімен өзара десмосома және тығыз байланыстар арқылы тығыз жанасып, эпителий қабаттарын түзеді. Олардың цитоплазмасында тек эпителий жасушаларына тән және беріктік қызмет атқаратын арнайы органеллалар — тонофибриллалар болады. Эпителиоциттердің пішініне сәйкес: эпителий ұлпалары әртүрлі — жалпақ, текше және призма тәрізді эпителий деп аталады. Безді эпителий жасушаларын гландулоциттер деп атайды. Мезотелиоциттер (сірлі қабық мезотелийінің жасушалары) сірлі сұйық бөледі, текше тәрізді эпителиоциттер бүйрек нефрондары қабырғаларында қайта сіңіру — реабсорбция процесіне, ішектің призма тәрізді эпителиоциттер микробүрлері қорытылған қоректік заттарды сіңіруге қатысады. Бокал (құты) тәрізді эпителиоциттер — біржасушалы бездер (кілегей бөледі). Эпителиоциттер организмнің сыртқы ортамен шектесетін бөліктеріңде шекаралық орын алып, дененің ішкі ортасын сыртқы ортадан бөліп, қорғаныс, сезім мүшесі қызметтерін атқарады, зат алмасуға қатысады, сөл бөледі. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9 Дереккөздер

Санат:Биоморфология Санат:Биология Санат:Морфология