Далалық климат - жазда жылы немесе ыстық, жауын-шашыны екпе дақылдардың қалыпты өсіп-өнуін шектейтін, тіпті кей жылдары оған жеткіліксіз болатын (жалпы алғанда, жылына 450 мм- ден аспайтын) құрғақ климат. Л.С. Берг бойынша Далалық климат былайша бөлінеді: 1) қоңыржай белдеудің қысы салқын немесе суық дала климаты; 2) қысы жылы дала климаты; 3) коңыржай белдеудің биік дала және шөлейт климаты; 4) биік субтропик дала климаты.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мекгеп" баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
Дереккөздер
Санат:География және геодезия