Виртуальдық локальдық желі (VLAN ). Бір-бірімен жоғары жылдамдықты магистральдар және ATM коммутатор көмегімен байланысқан локальды желілердің жиынтығы. Мұндай желідегі пайдаланушылар жұмыс топтарына территориялық белгі немесе әкімшілік иелігі бойынша біріктірілген. VLAN желісінде трафиктің басты бөлігін кең хабар тарататын таратқыш алады. VLAN-ның әр түрлі сегменттерінде ішкі трафик толығымен оқшауланған, сондықтан кең хабар тарататын ағын желінің көрші сегментгерін бөлетін шекарада сүзіледі. Жоғары жылдамдықты магистральдар және ATM коммутаторы арқылы бір-бірімен байланысқан локальды желілердің үйлесімділігі. Мұндай желіні қолданушылар аймақтық белгілері немесе әкімшілік құрылымы бойынша жұмыс топтарына біріктірілген. VLAN торабының маңызды трафигінің бөлігін кең хабарлы тарату алып жатыр. VLAN торабының ішкі трафик сегменті толық оқшауланған, сондықтан кең хабарды тарату ағыны көрші сегмент шекарасында сүзіледі. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6

Дереккөздер

Санат:Электроника