Баспалық құрастыру (Пе- 1 чатный монтаж) — жинақтаушы элементтер транзисторлар, ИС, диодтар, резисторлар және т.б. баспалық платада орналастырылып, баспалық сымдармен, жіңішке электрөткізгіш жолақтармен өзара қосылатын радиоэлектрондық аппаратураны құрастыру әдісі. Платада элементтерді бекіту үшін, олардың шығыстарын арнайы тесіктерге (баспалық сымдардың түйіспелік ауданшаларында шығып тұрған) кіргізіп, түйіспелік ауданшаларға қосып дәнекерлейді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6

Дереккөздер

Санат:Электроника