Моңғолия (, моңғол жазуы: ) — Орталық Азияның шығыс бөлігінде орналасқан, жиі Шығыс Азияға жатқызылатын тәуелсіз мемлекет. Солтүстігінде Ресеймен, оңтүстік, шығысы мен батысында Қытаймен шектеседі. Моңғолия — мұхитқа шыға алмайтын мемлекеттердің бірі. Жер көлемі жетеді. Жер көлемінің үлкендігі бойынша әлемде 18-орында. Астанасы — Ұланбатыр қаласы. Халық саны адамға жеткен.
Мемлекеттік тілі – моңғол тілі, жазуы кириллица. Моңғол тілінде халықтың 95%-ы сөйлейді. Қазақтар елдің 4 пайыздан астамын құрайды. Орта мектепте кирил жазуынан басқа ескі моңғол жазуы оқытылады. Қазақтар көп тұратын Баян-Өлгей аймағында қазақ тілі оқытылады.
Тарихы Моңғолия аймағында әртүрлі түркі тілдес тайпалар көшіп-қонып өмір сүрді. Ең бірінші – хуннулар (ғұндар), өз мемлекетін құрып, Қытаймен (Син династиясы) соғыс бастады. Қытайдың қолбасшы маршалы Менг Тиан өз елін қорғау үшін Ұлы Қытай қорғанын тұрғызды. Хуннулардан кейін бұл жерде түркілер өз империясын құрды.
12-ғасырда Моңғол жерінде шағын хандықтар мен тайпа-ұлыстар болды. Қолбасшы Темучин бүкіл ұлыстарды бір елге біріктіріп Моңғол Империясын жариялады. 1206 ж. ол Шыңғыс хан (Ұлы хан) атын алып, көршілес елдерді жаулап ала бастайды.
1368 жылы Юань әулеті Қытайдан ығыстырылғаннан кейін, моңғолдар мемлекеті бірден жойылып кеткен жоқ. Шыңғыс хан әулеті билігін сақтап, Моңғол үстіртінде жалғасқан мемлекет тарихта Солтүстік Юань деп аталады. Бұл кезеңде моңғол билеушілері Мин әулетіне қарсы үздіксіз соғыстар жүргізіп, Қытаймен саяси және әскери күресті жалғастырды.
XV ғасырда ойрат көсемі Есен тайшы күшейіп, бүкіл Моңғолияға ықпал жүргізді. Ол Мин әулетімен соғысып, 1449 жылы Туму шайқасында Қытай императорын тұтқынға алды. Кейін Шыңғыс әулетінің билігі әлсірегенімен, толық жойылған жоқ.
XVI ғасырдың басында Даян хан Моңғолияны қайта біріктіріп, Шыңғыс хан әулетінің билігін қалпына келтірді. Ол өз ұлдарына ұлыстарды бөліп беріп, децентрализденген, бірақ ортақ әулеттік жүйеге негізделген басқару құрды. Осы кезеңде моңғолдар Мин әулетімен шекаралық соғыстар мен жорықтарды жалғастырды.
Даян ханның ұрпақтары арасында Алтан хан ерекше орын алды. Ол XVI ғасырда Мин әулетіне қарсы жорықтар жасап, кейін Қытаймен сауда және дипломатиялық қатынастар орнатты. Сонымен қатар, ол тибет буддизмін қолдап, моңғол қоғамында діни өзгерістерге ықпал етті.
Даян ханның тағы бір ұлы Гэрсэнзэ арқылы Халха моңғолдарының хандықтары қалыптасты. Оның ұрпақтары Түшээт хан, Засагт хан және Сэцэн хан әулеттерін құрып, Солтүстік Моңғолияда билік жүргізді.
XVII ғасырдың басында соңғы ұлы хан Лигдэн хан болды. Ол 1619–1634 жылдары маньчжурлармен (жүржендермен) соғысып, Моңғолиядағы билікті сақтап қалуға тырысты. Алайда ішкі алауыздық пен сыртқы қысым салдарынан Ішкі Моңғолиядағы көптеген тайпалар маньчжур билігін мойындады.
Лигдэн хан қайтыс болғаннан кейін Шыңғыс әулетінің орталық билігі әлсіреп, моңғолдар біртіндеп маньчжурлардың ықпалына түсті. Кейінірек Халха моңғолдары да ойраттармен болған 1687–1688 жылдардағы соғыста жеңіліп, 1691 жылы Долоннуурда Цин әулетіне бағынуға мәжбүр болды.
Осылайша, Юань әулеті құлағаннан кейін де моңғолдар бірнеше ғасыр бойы тәуелсіздігін сақтап, Мин және кейінгі маньчжур мемлекеттерімен үздіксіз күрес жүргізді, тек XVII ғасырдың соңында ғана толықтай сыртқы билікке бағынды.нобай|Далалық сахара 1911 ж. Цин Империясы құлады, сондықтан Моңғолия тәуелсіз мемлекет ретінде жарияланды. Жаңа мемлекеттің басшысы Боғд хан болды. Бірақ Қытай қолбасшылары Моңғолияға өз әскерлерін кіргізіп, осы жердің екі аймаққа бөлінуі (Сыртқы Моңғолия және Ішкі Моңғолия). 1917 ж. Ресей империясының азамат соғысы басталды, көп «ақ әскерлер» Сібір және Қытай жеріне қашты. Бір сондай әскери қолбасшы, Барон Унгерн өз сарбаздарымен Сыртқы Моңғолияға кіріп, Урга (Өргөө) немесе Да-Хүрее қаласын (қазіргі Ұлан-Батыр) басып алды. Ресей қызыл армиясы Моңғолияның коммунистік қолбасшысы Сухэ-Батыр-ды қолдады, ол Унгернның әскерін жеңіп, 1921 жылы Сыртқы Моңғолияда Моңғолия Халық Республикасын жариялады. Ішкі Моңғолия аумағы қазіргі күннің өзінде де Қытайдың құрамында.
Бүгінгі Моңғолия – парламенттік республика. Елдің парламенті – Мемлекеттік Ұлы Хурал деп аталады.
Географиясы thumbnail|left|Моңғолия табиғаты
Моңғолияның оңтүстігі Гоби шөлі, солтүстігі және батысы суықтау боп келетін таулы өлкеде орналасқан. Моңғолияның орталық бөлігі жазық болып келеді. Ең биік шыңы Моңғол Алтай тау жүйесінің Таванбогд тауының Хүйтэн шыңы теңіз денгейінен 4,374 метр биік болып келеді.
Моңғолия климаты – қатаң континенталды. Жазда ыстық болғанымен қыста суық болады. Қыста орташа температура -30 °C болады. Ұлан-Батыр қаласы әлемдегі ең суық астана болып саналады.
Таулы өлке көп болғандықтан жел көп соғады. Жылында орта есеппен 257 күндік тәулік болады. Жауын шашын мөлшері шығыс бөлігінде орташа есеппен 200-350 мм, оңтүстікте 100–200 мм. Оңтүстіктің ең шеткей өлкесі Гоби шөлінде кей жылдары жауын-шашын мүлде болмайды.
Табиғаты Табиғат белдеулері Моңғолияның солтүстігінен оңтүстігіне қарай келесі меридиандық табиғат белдеулері кездеседі: орманды дала, дала, шөлейт, шөл. Орманды белдеуде таулы орманды және тайга белдеуі кездеседі. Табиғи белдеулері орналасуына байланысты Ханғай, Хэнтий, Алтай таулы, Дорнод далалық, Говь шөлдік деп төрт белдеуге бөлінеді.
Топырағы Моңғолияда күрең, қара күрең, ашық күрең, қара топырақ, шөлдік қоңыр, батпақты, тұзды сияқты көптеген топырақ түрлері кездеседі. Бұлардың ішінен құнарлы топырақ олардың 5 %-ын құрайды. Жер көлемінің 0,76%-ы егін шаруашылығына ыңғайлы. Суармалы жер көлемі 840 км².
Суы Моңғолияда ұзындығы 67000 км болатын 3811 өзен,бұлақ, ауданы -500 км³ болатын 3500-ге жуық көл, 7000-ға жуық көлшік, 540 км² ауданы бар 190-ға жуық мұздық, 250-ге жуық арасан бар. Жерасты суларының 139-ға жуық көзі бар.
Моңғолияның ең ұзын өзені - Орхон өзені. Ұзындығы - 1124 км, ауданы - 133000 км². Ең үлкен көлі - Увс көлі (3350 км²), ең терең көлі - Хөвсгөл көлі (262.4 м).
Экономикасы Моңғолияның экономикасы негізінен ауылшаруашылығы және тау-кен өнеркәсібіне тәуелді. Табиғи байлық түрлері көп кездеседі. Мыс, молибден, қалайы, көмір, вольфрам, мырыш рудасы, темір рудасы және алтын өндеу ел экономикасында маңызды орын алады. Ауылдағы адамдардың негізгі кәсібі мал шаруашылығы болып келеді.Орта есеппен әрбір адамға 12 бас мал келеді. Егін шаруашылығында бидай, арпа, көкөніс және мал азығын егумен айналысады. 2008-жылғы есеп бойынша ІЖӨ-нің көлемі 9,48 млрд долларды құраған. Жан басына шаққандағы көрсеткіш 3200 доллар. Жұмыссыздар саны орта есеппен халық санының 2,8 % (2008).
Негізгі экспорт өнімдері (2,5 млрд долл. 2008 ж) : Мыс, молибден, көмір, мырыш рудасы, темір рудасы, шикі мұнай, мал өнімдері, былғары, текстиль. Негізгі экспорттаушылары: ҚХР (76 %), Канада (9 %), Ресей (3 %). Импорт өнімдері: (3,6 млрд долл. 2008 ж): жанар-жағар май, машина техника, автомобиль, азық-түлік, құрылыс заттары, қант, өндірістік және күнделікті қолданыстағы тауарлар, шай т.б. Негізгі импортерлары: Ресей (35 %), ҚХР (29 %), Жапония (8 %).
Әскер Қарулы күштегі адам саны 8,6 мың. Әскерге 18-25 жас аралығындағы жігіттер шақырылады. Әскер міндетін атқару уақыты 12 ай. Қарулы күштің резерві - 137 мың адам. Қарулы күштің бас штабының бастығы, генерал-лейтенант Цэрэндэжидийн Бямбажав (2009 ж бастап). 2002 жылдан бастап Моңғолия әскери күштері БҰҰ және басқадай халықаралық ұйымдармен бірге Сьерра-Леоне, Ирак, Эфиопия, Эритрея, Батыс Сахара, Либери, Чад ,Ауғанстан бейбітшілік миссияларына қатысуда. Бұл уақыт аралығында бұл миссияларға 3200-дей әскер қатысқан олардың 1800 БҰҰ мандаты бойынша 1400 халықаралық мандат бойынша өз міндеттерін атқаруда. Ауғанстанда Моңғол әскерлері Ауғанстан Ұлттық Қарулы Күшін құруда НАТО әскерлеріне бірге көмек көрсетуде.
Ирактағы бейбітшілік миссиясы кезінде моңғол әскерлері Польша әскерлерімен бірге Ирактың оңтүстігінде Кэмп-Эхо базасының қауіпсіздігін қамтамасыз етті. 2005- 2006 жылдарда Моңғолия әскерлері Косоводағы Бельгия әскери тобында қызмет атқарды.
Танкілері: 350 T-55 КСРО 250 T-62 КСРО
APC's 400 BMP-1 КСРО 300 BTR-60 КСРО
Моңғолия-ның әскери-әуе күштерін армия басқарады
! style="text-align: left; background: #aacccc;"|Ұшақ ! style="text-align: left; background: #aacccc;"|Жасаушы ! style="text-align: left; background: #aacccc;"|Бейне ! style="text-align: left; background: #aacccc;"|Версия ! style="text-align: left; background: #aacccc;"|Мөлшер ! style="text-align: left; background: #aacccc;"|
| Antonov An-24 || КСРО || жүк тасымалдаушы ұшақ || An-24 || 4 ||
| Antonov An-26 || КСРО || жүк тасымалдаушы ұшақ || An-26 || 3 ||
| Antonov An-2 || КСРО || жүк тасымалдаушы ұшақ || An-2 || 10 ||
| Harbin Y-12 || Қытай || жүк тасымалдаушы ұшақ || Y-12 || 4 ||
| MiG-21PFM/UM || КСРО || жойғыш ұшақ || MiG-21PFM/UM || 8/2 || grounded
| Mil Mi-24V || КСРО || шабуылдаушы тікұшақ || Mi-24V || 4 ||
| Mil Mi-8 || КСРО || соғыс тікұшағы || Mi-8 || 20 || Anti-tank
| Mil Mi-8 || КСРО || жүк тасымалдаушы || Mi-8 || 12 || Transport only
Әкімшілік құрылысы
Моңғолия 21 аймаққа бөлінеді. thumbnail|right|400px Арханғай аймағы Баян-Өлгей аймағы Баян-Хонгор аймағы Бұлғын аймағы Говь Алтай аймағы Говьсүмбэр аймағы Дархан-Уул аймағы Доронғовь аймағы Дорнод аймағы Дундғовь аймағы Завхан аймағы Орхон аймағы Өвөрханғай аймағы Өмөнговь аймағы Сүхбаатар аймағы Сэлэңгэ аймағы Төв аймағы Увс аймағы Ховда аймағы Хөвсгөл аймағы Хэнтий аймағы
Сыртқы сілтемелер Экспедиционная поездка в Северо-Западную Монголию, Томский государственный университет и Университет Ховд, сотрудничество. Видео. Динамика природной среды Монгольского Алтая в голоцене. - Климат, лёд, вода, ландшафты.
Дереккөздер
* Санат:БҰҰ мүше мемлекеттері