Қармыс Қоянбайұлы Боқанов (1956 жылы туған, Маңғыстау ауданы, Жармыш ауылы) – әкімшілік қызметкері. 1977–1979 жылдары Жармыш ауылында мұғалім, 1979–1983 жылдары аудандық комсомол комитетінің 2-хатшысы, 1983–1985 жылдары «Ақшымырау» кеңшарында партия комитетінің хатшысы, 1985–1995 жылдары «Тұщықұдық», «Бозащы» кеңшарларында директор болды. 1999–2006 жылдары аудан әкімінің орынбасары. 2006 жылдан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; Дереккөздер
Санат:Тұлғалар