Жас аңғар (Молодая долина) - морфологиялық дамуының алғашқы сатысында тұрған, өзі тар, беткейлері тік, бойлық кескіні тегістелмеген, жайылмасы мен террасалары болмайтын аңғар; мұндай өзеннің "аңғар" және "арна" деген ұғымдары бір-біріне сәйкес келеді.Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
Дереккөздер
Санат:География және геодезия