Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі - ҚР еңбек сіңірген ұжымы. 1958 жылы Жамбыл атындағы қазақ филармониясының құрамында ұйымдастырылды. 1983 жылдан дербес көркемдік ұжым. left|thumb| alt=A.|250 px|"Симфониялық оркестр"

Ұжымды әр кезеңде жоғары білікті музыка мамандары (Ф.Мансұров, Ғ.Доғашев, В.Яковлев, Ш.Қажығалиев, Т.Мыңбаев, Т.Әбдірашев) басқарды. Оркестрдің репертуарында Қазақстан және шет ел композиторларының шығармалары орын алды.

Қазақстандық композиторлар: А. Жұбановтың “Жігер”, Е. Г. Брусиловскийдің 7, 8 симфонияларын, Е. Рахмадиевтың “Думан”, “Құдаша”, “Дайрабай” күйлерін және т. б. шығармаларын тұңғыш орындаушы. Оркестр шетелдік музыка мәдениеті классиктерінің симфониялық шығармаларын, Д. Д. Шостаковичтің 15 симфониясын, 17-18 ғғ. ескі әуендердің (Вивальдидің, Коррелидің, Йоганн Себастиан Бахтың, Гендельдің) және т. б. шығармаларын орындады.

1987 жылдан Қазақстанның мемлекеттік оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Т. Әбдірашев.

1998 жылы оркестрге академиялық құрметті атағы берілді. Бүкілодақтық байқаудың лауреаты (1967).«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том

Дереккөздер

Санат:Қазақстан оркестрлері Санат:1958 жылы пайда болғандар