Теледидарлық қалып () — теледидарлық тарату және қабылдау құрылғыларының жұмыстарын үйлестіру үшін олардың параметрлеріне қойылатын нормативтік талаптар жиынтығы. Бұрынғы КСРО-да және қазіргі ТМД елдерінде теледидарлық дабылдар үшін мынадай нормативтер белгіленген: бір теледидарлық кадрдегі жолдар саны — 625, кадр пішімі 3/4, жолдық жаймалау тәсілі алдымен тақ жолдарды, содан кейін — жұп жолдарды кезекпен жаймалау, кадр жиілігі 25 кадр/с, жолдар жиілігі — 16625 Гц, бейне мен дыбыс тасымалдау жиіліктерінің арасы 6,5 МГц. Бұлардан басқа теледидарлық арналардың бөлінуі, синхрондаушы импульстер пішіндері мен ұзақтығы және басқа да параметрлер стандартталған.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. ISBN 9965-36-448-6

Дереккөздер

Санат:Электроника