Әріпов Дүйсембі (1933 жылы туған, Маңғыстау ауданы Тұщықұдық ауылы) – партия, кеңес қызметкері, Қазақстан журналистер одағының мүшесі«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; (1961), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998).«Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000;

Өмірбаяны ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) физика-математика факультетін (1956), Алматы жоғары партия мектебін (1972), Алматы малдәрігерлік-зоотехникалық институтын (ҚазҰАУ) бітірген (1972).

1960 – 1975 жылдары Маңғыстау ауданы «Еңбек туы» газетінің партия тұрмысы бөлімінің меңгерушісі, аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, аудандық халықтық бақылау комитетінің төрағасы.

1975 – 1978 жылдары Маңғышлақ облысы партия комитетінің ұйымдық-партиялық жұмыс бөлімінің меңгерушісі.

1978 – 1990 жылдары Бейнеу аудандық партия комитетінің 1-хатшысы болып қызмет атқарған.«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;

1990 – 1993 жылдары Маңғыстау облыстық кеңесі төрағасының орынбасары, облыс әкімінің кеңесшісі, облыстық мәслихат қызметкері болған.

1997 жылы шыққан «Маңғыстау энциклопедиясының» Бас редакторының орынбасары

Марапаттары мен шығармашылығы «Жас коммунистер тәрбиесі» (1985), «Маңғыстау – маңғаз мекенім» (2001), «Өркенді өлке, өнегелі өмір» (2002) атты кітаптардың авторы.

Ақтау қаласының құрметті азаматы (2006). «Халықтар достығы» орденімен (1983), Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1982) марапатталған.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007

Дереккөздер

Санат:1933 жылы туғандар Санат:Маңғыстау ауданында туғандар Санат:Қазақстан журналистері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері