Байшағырдағы намазхана – жер асты ғимараты. Байшағыр – үстірттегі жер аты.«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002; Жаңаөзен қаласынан 320 км, Қарақалпақстанның Қоңырат қаласынан – 340, Шоманайдан – 350, Шақпақты газ кенішінен 40 км, Бесқалаға баратын күре жол бойында орналасқан. Кезінде 606 м көлемінде салынған қазіргі уақытта құлаған орнында үйінді тастар жатыр. Қасына «Бекет атаның намаз оқыған жайы» деген белгі қойылған. Мешіттің алдыңғы бағытында Байжан, арқа жағында ақпан құдықтары бар. Мешіттің батыс жағында бір шақырымдай жерде ескі, құлаған керуен сарайының орны байқалады. Аңыз әнгіме қалай айтылса да арқауында жұмбақ сыр жататыны анық. Мыс., Бекет ата мешіттерін картада нүктелермен белгілеп, түзу сызықтар арқылы бір-бірін қоссақ, тең бүйірлі екі үшбұрыш шығар еді. Олар: «байшағыр» – тобықты – Ақмешіт , «Байшағыр – Оғыланды – Бейнеу» үшбұрыштарына ортақ нүкте «Байшағыр» болады. Ертеден келе жатқан діни сенімдерде «үшбұрыш» мәңгілік белгісі. Бұл мешіттер кездейсоқ емес, Перудегі Наска кесінділері сияқты заңдылықпен салынған. Мыс., мешіттердің орналасуындағы фигураларды цифрлармен белгілесе, Құран Кәрімнің бірінші сүресінің «Барлық мадақ бүкіл ғаламды жаратушы Аллаға тән» деген бірінші аяты шығарылады.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Байшағырдағы намазхана · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.