Қысқы ағын - қысқы кезеңдегі су ағыны. Су алабының ауқымында жиналған жер асты суларының сарқылуы есебінен қалыптасады. Қысқы жылымық болатын аудандарда қысқы ағын еріген қар және жаңбыр суларымен толады. Бұл сулардың келуінен су шығынының көбеюі қысқы тасқындар түрінде көрініс табады. Жылымық болмайтын кезде қысқы ағын өзен қоректенуінің қарқындылығын, ал төмен температурасы тұрақты және ұзақ уақыт болатын аудандарда оның аз сулылығын көрсетеді.
Қысқы жартыжыл
Қысқы жартыжыл - Солтүстік жарты шарда күзгі күн мен түннің теңесуінен көктемгі күн мен түннің теңесуіне дейінгі, ал Оңтүстік жарты шарда, керісінше, одан кейінгі айларды қамтыған жарты жыл. Іс жүзінде Солтүстік жарты шарда қысқы жартыжылға қазаннан наурызға дейінгі кезеңді жатқызады.
Қысқы жол
Қысқы жол - жылдың басқа мезгілдерінде жүруге болмайтын (мысалы, тайгадағы терең батпақтар арқылы өтетін жолдар), бірақ қыста доңғалақты көлік жүруге жарамды жол.
Қысқы күн тоқырауы
Қысқы күн тоқырауы - 22 желтоқсанда күннің экватордан оңгүстікке карай ең алыс болған эклиптикадағы орны; Солтүстік жарты шардағы ең қысқа күн және ең ұзақ түн. Қысқы күн тоқырауынан кейін күн аспан күмбезі бойынша жылдық қозғалысында экваторға қарай бұрылып, оны көктемгі күн мен түннің теңесетін күні қиып өтеді.
Қысқы режім
Қысқы режім - теріс ауа температурасы басым кезеңдегі су нысандарында болатын процестердің жиынтығы. Қысқы режімге су жинағыш алаптан арнасыз (беткі) ағынның тоқтауы, мұзды құбылыстардың дамуы, қар жамылғысы түрінде ылғалдың су жинағыш алапта айтарлықтай жиналуы тән.
Қысқы тасқын
Қысқы тасқын - қысқы жылымық кезінде қардың еруі нәтижесінде өзендегі су деңгейінің күрт және біршама қысқа мерзімде көтерілуі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
Дереккөздер
Санат:География және геодезия