Радиорелейлік станция — радиорелейлік желі құрамына кіретін қабылдаушы-таратушы станция. Олар арқылы көп каналды байланыс жүргізіледі және теледидар бағдарламалары беріледі. Радиорелейлік станциялар аралық, тораптық және соңғы станцияларға бөлінеді. Аралық станциялар күшейткіш ретрансляторлар қызметін атқарады және олардың жұмысы тораптық немесе соңғы станциялардан автоматты түрде басқарылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6
Дереккөздер
Санат:Электроника