Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ, ) — Қазақстанда футбол додалары мен біріншіліктерін ұйымдастыратын мемлекеттік ұйым. Ол Қазақстан Премьер Лигасы және Қазақстан Кубогы сияқты додалар мен Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы ойындарын ұйымдастырады.
Бұрынғы атаулары Қазақстан Республикасы футбол қауымдастығы (1992–2000) Қазақстан футбол одағы (2000–2007) Қазақстан футбол федерациясы (2007–қазіргі уақытқа дейін)
Тарихы Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) 1992 жылы Қазақ КСР футбол қауымдастығының қайта құрылуымен (1989 жылы құрылған) құрылды. Сол жылы (1992), ҚФФ ФИФА мен Азия футбол конфедерациясының (АФК) қауымдастырылған мүшесі болды (немесе 1993 жылы). Оның құрылуы қазақ футболын халықаралық стандарттарға сай ұйымдастырудың бастамасы болды. ҚФФ еліміздің ең ірі спорт федерациясына айналды, Қазақстандағы футбол «спорт патшасы» ретінде бағаланып, спорт сүйер қауымның таңдауы бойынша бірінші орынды иеленді.
1992 жылы федерация футболдан ұлттық лига чемпионаты мен Қазақстан кубогы сияқты кәсіби деңгейдегі түрлі жарыстарды өткізді. Қауымдастырылған мүше бола тұра, ҚФФ ұлттық құрамалар үшін ресми халықаралық жарыстарға қатысуға рұқсат етілмеді, сондықтан 1992 жылдың ортасы мен аяғында және 1994 жылдың сәуірінде ортаазиялық Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан елдерімен бірге өңірлік жарыстарға қатысты. 1994 жылы ҚФФ ақыры ФИФА мен АФК-ның толыққанды мүшесі ретінде қабылданды. АФК-ға кіру туралы шешім дауыс беруден кейін қабылданды. Ұлттық құраманың Орталық Азиядан тыс құрамамен алғашқы ойыны 1995 жылы желтоқсанда өтті. Сол жылы Қазақстанның атынан шыққан Олег Литвиненко қазан айындағы Азияның үздік ойыншысы болып танылды.
2000 жылы ҚФФ УЕФА-ның кандидаты болды және 2002 жылғы 25 сәуірде Швецияның Стокгольм қаласында өткен УЕФА конгресінде оның толық мүшелігіне ие болды.
Мемлекеттік қаржыландырудан бас тарту 2021 жылы Қазақcтан ұлттық құрамасы футболдан Франция құрамасынан 0:8 есебімен ұтылғаннан кейін Азамат Айтхожин жанкүйерлерден кешірім сұрады. ол ҚФФ атынан федерацияның жаңа қаржыландыру саясаты туралы мәлімдеме жасап, 2022 жылдан бастап ұйым мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдардан қаржылай қолдаудан бас тартатынын хабарлады. Айтхожиннің айтуынша, ендігі уақытта федерацияның жұмысы УЕФА ұйымының қаражаты және демеушілік қаржы есебінен қаржыландырылатын болады.
Бұған дейін, 2020 және 2021 жылдары Қазақстан футбол федерациясы мемлекеттік бюджеттен әр жыл сайын 200 миллион теңге көлемінде қаржы алған. Бұл қаражат ұлттық, жастар және жасөспірімдер құрамаларын (U17, U19, U21), сондай-ақ әйелдер, жағажай және футзал құрамаларын, сонымен бірге көзі көрмейтін спортшыларға арналған blind-football командасын халықаралық жарыстарға дайындауға жұмсалған.
2022 жылғы 28 ақпан күні федерация сайлау конференциясы өтті. Федерация басшылығына 6 адам үміткер тіркелді. Адильбек Джаксыбеков (қызметтегі президент ФФК), Олжас Абраев, Давид Лория, Әділет Барменқұлов; Берик Қаниев; Қайрат Оразбеков.
Федерация басшылары
Президенттер №Аты-жөніБасқара бастадыБасқаруын аяқтады1Заманбек НұрқаділовАдильбек Джаксыбеков избран президентом Федерации футбола Казахстана199219942Тимур Сегізбаев199419963Құралбек Ордабаев199620004Рахат Әлиев200020075Әділбек Жақсыбеков200720146Ерлан Қожағапанов201420167Сейілда Байшақов201620188Әділбек Жақсыбеков201820229Әділет Барменқұловқараша 2022қараша 202410Марат Омаровжелтоқсан 2024қазірге дейін
Федерацияның Бас хатшылары
2008 – 2012 – Саян Хамитжанов Каныш Аубакиров Азамат Айтхожин 03.2022 – 04.2023 – Олжас Абраев 04.2023 – 12.2024 – Андрей Дудин 12.2024 – 04.2025 – Саян Хамитжанов 2025 жылғы сәуірден бастап – Давид Лория
2022 – 2024 жылдары
Адилет Назарбаевич Барменкулов — президент КФФ; Даурен Абаев Кайрат Боранбаев Берик Каниев Архимед Мухамбетов Саян Хамитжанов Дархан Калетаев Майя Егимбаева Бауыржан Абдубаитов Эдуард Огай Николай Мещеряков Тимур Турлов Владимир Сидельковский Бегаим Киргизбаева
2022 жылғы 19 қыркүйек айында комитет құрамы жаңарды.
Даурен Абаев Кайрат Айтуганов Сейльда Байшаков Абилмажен Гилимов Ербол Едилов Ерулан Жамаубаев Бегаим Киргизбаева Алексей Нефёдов Эдуард Огай Кайрат Оразбеков Санжар Сейтказинов Владимир Сидельковский Тимур Турлов
2024 жылдан – қазіргі уақытқа дейін
Омаров Марат Талғатұлы — Президент Боранбаев Қайрат Советайұлы Қырғызбаева Бегайым Сапарқызы Оразбеков Қайрат Айтмолдаұлы Турлов Тимур Русланович Гаджиев Гаджи Шапиевич Құрман Нұрсұлтан Амангелдіұлы Ерғалиев Әсет Арманұлы Ломтадзе Михаил Нугзарович Масудов Вахид Юнусович Нуну Алешандре Паррейра де Каштру
Тағы қараңыз Қазақстандағы футбол Қазақстан футзал қауымдастығы
Дереккөздер
Санат:Қазақстан спорт ұйымдары Санат:Қазақстандағы футбол