Досат Бәймембетұлы – әнші, композитор. «Адайдың жеті қайқысының» бірі.
Шығармашылығы Досат әндері – биік дауыспен шығандата шырқап барып, бірте-бірте баяулап, сабырлы сазбен айтылатын ерекше әуенді туындылар. Досаттың бір әнін А.В. Затаевич нотаға түсіріп, «Қазақ халқының 1000 әні» (Орынбор, 1925) жинағына енгізген.
Ізбасарлары Оның әндерін орындап, кейінге жеткізушілердің бірі – әнші Қ. Қонаршиев; сондай-ақ маңғыстаулық әншілер Қ. Тасболатов, І. Шыртанов, Қ. Досбаев, тағы басқа Досаттың әндерін шебер орындайды.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997«Қазақ өнері» энциклопедиясы, Алматы, 2002
Дереккөздер
Санат:Қазақстан әншілері Санат:Қазақстан сазгерлері