Ермек Даулетова 1922, бұрынғы Гурьев (қазіргі Атырау қаласы) облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылы – 2000 – педагог, Қазақ КСР-інің еңбегі сіңген мұғалімі. Гурьев (қазіргі Атырау) педагогикалық училищесін бітірген (1940). Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1940 – 1976 жылдары Форт-Шевченко қаласындағы Киров атынд. орта мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. «Ерен еңбегі үшін» (1946), «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» (1970) медальдарымен, «Соғыс ардагері» (2000) белгісімен марапатталған.«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; Дереккөздер

Санат:КСРО педагогтары Санат:Лениннің туғанына 100 жыл медалінің иегерлері