Ләззат Діңішқызы Диярова (1963 жылы туған, Атырау қаласы) – ғалым-педагогикалық Физика-математика ғылым кандидаты (1995), профессор (2003). Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызметкері. ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1986). АқтМУ-ға жолдамамен келіп, оқытушы, аға оқытушы, доцент, декан, профессор болып еңбек етті. Қазіргі қызметі кафедра меңгерушісі. Ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты тұтқырлығы жоғары қосқабатты сұйықтықтардың қозғалу заңдылығын зерттеуге арналған. Оның 43 ғылыми-әдістемелік еңбектері бар.«Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000; Дереккөздер

Санат:Тұлғалар