Сәуле шығаратын шалаөткізгіш аспаптар — электр энергиясын оптикалық сәулелену энергиясына түрлендіретін шалаөткізгіш аспаптар. Сәуле шығаратын шалаөткізгіш аспаптардың негізгі элементтері ретінде сәулеленетін диодтар (СД) — сәулелік диодтар және инфрақызыл СД-тар пайдаланылады. Бұл диодтарда кернеу әсерінен СД-тың активті аумағына инжекция жасаған негізгі емес теңгерілмеген заряд тасымалдаушылар энергиясы спектрдің ультрафиолеттік (УФ), инфрақызыл (Иқ ) немесе көрінетін диапазондағы сәуле шығару энергиясына айналады.

Қолданылуына байланысты сәуле шығаратын шалаөткізгіш аспаптар ШӨ сәуле шығару генераторлары (СШГ) және ақпаратты бейнелеудің ШӨ аспаптары (ШӨ индикаторлар немесе ШӨИ) болып бөлінеді. СШГ ақпаратты таратудың талшықты оптикалық желілерінде, электр сигналдарын оптикалық сигналға түрлендіру үшін оптоэлектрондық қосақтар құрамында, сондай-ақ қатты денелі лазерлерді толықтыру үшін пайдаланылады. ШӨИ жекелеген және ұжымдық пайдаланылатын құрылғыларда ақпаратты көрсетіп бейнелеуге арналған.

Бейнеленетін ақпарат түріне қарай ШӨИ дискреттік (сәулеленген нүкте түріндегі бейне), щкалалық (сәулеленген нүктелерден түратын сызық), белгілік (сандар, әріптер, шартты символдар), графикалық болып бөлінеді.

ШӨИ бақылау-өлшеу аппаратурасында, фотокиноаппаратурада, ақпаратты бейнелеу жүйелерінде кең қолданылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6

Дереккөздер

Санат:Электроника