Бекболатов Сақтап (1914, Бозащы, Қаратөбе жері – өлген жылы белгісіз) – соғыс және еңбек ардагері. Фин соғысына қатысқан. 1942 – 70 ж. Тұщықұдық, Ұшқыш, Правда, Тұщыбек, Еңбек ұжымшарларында төраға, төрағаның орынбасары, 1970 ж. Жармыш ауылында автоклуб меңгерушісі қызметін атқарып, аудан экономикасының дамуына үлес қосқан. Бірнеше марапаттауларының иегері.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; Дереккөздер
Санат:Маңғыстау облысы тұлғалары