Төлебек Қосмамбетов (6.7.1947 жылы туған ., Арыс қаласы) — қоғам қайраткері.

Қоңырат тайпасының Құлшығаш руынан шыққан.

1963 жылы С.Қожанов атындағы орта мектепті, 1967 жылы Алматы халық шаруашылық институтын бітірген. Арыс қалалық атқару комитетінде, облыстық қаржы басқармасында, облыстық демографиялық жөне көші-қон басқармасында жауапты қызметтер атқарған. Қазақстан Республикасы Парламент мөжілісінің депутаты (1999, 2004).Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2 ОҚО бойынша «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің мүшесі. «Құрмет» орденімен (2006); «Қазақстан темір жолына 100 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Парламентіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен; ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Діни көзқарасы - «Дінге орынды сенеді».

Саяси қайраткер ретіндегі идеапы - Абылай хан, Д.А. Қонаев

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Үкіметтің кездеген бағдарламасы өмірде жүзеге асса, онда біздің республиканы жарқын болашақ күтіп тұр».

Хоббиі - «Қайырымды іс жасау, саяхат жасау».

Сүйіп оқитын әдебиеті - «Детектив жанрын жақсы көремін».

Үйленген. Жұбайы - Кенжеханова Гүлістан (1948). Ұлдары - Мейіржан (1971), Нұржан (1972.), Ержан (1978.); қызы — Жанар (1974.).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2 Дереккөздер

Санат:Тұлғалар

Санат:1947 жылы туғандар