Болатбай Матаев (13 қараша 1942, Маңғыстау ауданы, Ортаеспе ауылы - 7 мамыр 2013, Ақтау қ.) – мұнайшы-геолог.
Өмірбаяны
1960 – 1963 жылдары Жетібай мұнай барлау экспедициясында жұмысшы. 1963 жылы ҚазПТИ-ға (қазіргі ҚазҰТУ) түсіп, 1968 жылы «Геология және мұнай мен газ кен орындарын барлау» мамандығы бойынша «Геологическое строение, перспективы нефтегазоносности и проект предварительной разведки Тарлы на Южном Мангышлаке» тақырыбында дипломдық жобаны «өте жақсы» бағаға қорғап бітірген. 1968 – 1996 жылдары «Маңғыстаумұнайгазбарлау» тресінде геолог, аға геолог, ұңғымаларды сынау және бекіту кеңсесінің бас геологы 1996 – 1997 жылдары «Жетібаймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы геология бөлімінің бастығы болды. 1997 жылдан осы мекемеде бас геолог.
Марапаттары КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 10.06.1980 жылғы Жарлығымен Бозащы түбегіндегі мұнай кен орындарын (Солтүстік Бозащы, Қаражанбас, Қаламқас) барлап, игеруде жоғары табыстарға қол жеткізгендері үшін бір топ әріптестерімен бірге «Құрмет белгісі» ордені 23.07.1991 жылы «Арман» кен орнын ашқаны үшін Қазақ КСР дипломы және төс белгісімен марапатталады. 12.04.2007 жылы «Маңғыстаумұнайгазбарлау» кешенді экспедициясына 50 жыл толу құрметіне Геология және кен қойнауын қорғау комитетінің бұйрығымен «Қазақстан Республикасы жер қойнауының құрметті барлаушысы» атағы 02.09.2011 жылы Маңғыстау мұнайының 50 жылдығы құрметіне Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялар министрінің бұйрығымен «Қазақстан Республикасы жер қойнауының құрметті барлаушысы» атағы.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:КСРО мұнайшылары Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Маңғыстаумұнайгазбарлау тұлғалары Санат:Қазақстан жер қойнауының құрметті барлаушылары Санат:Жетібаймұнайгаз тұлғалары