Атбасар — қала, Ақмола облысы Атбасар ауданының орталығы (1928).

Географиялық орны Астана қаласынан солтүстік-батысқа қарай 232 км жерде, Жабай өзенінің (Есілдің бір саласы) оң жағалауына орналасқан.

Климаты

Тарихы Іргетасы 1845 жылы қаланған. 19 ғасырдың 40 – 50 жылдары өзі аттас округтың, 1869 жылдан Ақмола облысы Сарысу уезінің орталығы болды. Қазан төңкерісіне дейін мұнда жыл сайын Атбасар (Петров) жәрмеңкесі өткізіліп тұрды. 1928 жылдан аудан орталығына айналды. Ақмола – Қарталы (Ресей) темір жолының салынуы (1940) қаланың одан әрі дамуына қолайлы жағдай жасады. Ұлы Отан соғысы кезінде сырттан көптеген тұрғындар мен бірнеше кәсіпорын көшіріп әкелінді. Тың жерлердің игерілуі қаланы ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін ірі кәсіпорын орталығына айналдырды.

Халқы Тұрғындар саны: 3 мың адам (1897); 35,3 мың адам (1997); 29,1 мың адам (2006); 29,5 мың адам (2015).

+ Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен30436 31434 103,3 14511 15588 107,4 15925 15846 99,5

Кәсіпорындары Атбасарда толық механикаландырылған, жаңа техникамен жабдықталған Қазақстандағы ең ірі элеватор, автомобиль, ауыл шаруашылығы техникасын жөндейтін, құрылыс материалдарын шығаратын, т.б. кәсіпорындар жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Ауыл шаруашылығын механикаландыратын және электрлендіретін мамандар даярлайтын колледж, орта және орталау, музыка мектептері бар.

Санат:Атбасар ауданы елді мекендері Санат:Ақмола облысы қалалары Санат:Сібір казак әскерінің елді мекендері