Дауыссыз дыбыстар — тек салдыр немесе салдыр мен үн қатысы арқылы жасалатын, буын құрай алмайтын дыбыстар.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965-808-78-3
Дауыссыз дыбыстарды айтқанда көмейде кедергіге ұшырмаған фонациялық ауа ауыз қуысына күшті қарқынмен келеді. Ауыз тар ашылғандықтан, көмей арқылы келген қарқынды ауа әр түрлі артикуляциялық мүшелермен соқтығысады.
Қазақ тілі Қазіргі қазақ тілінде 26 дауыссыз бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ. Бұлардын ішінде һ дауыссызы парсы-араб сөзінде, в, ц, ч дауыссыздары негізінен орыс кірме сөздерде кездеседі.Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9
Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар дауыс қатынасына қарай үшке бөлінеді: Қатаң дауыссыздар — дауыс шымылдығы қатыспай, тек салдырдан жасалатын дауыссыз дыбыстар: п, к, қ, т, с, ф, х, ц, ч, ш щ; Ұяң дауыссыздар — дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын, салдыр мен үн тең болатын дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з; Үнді дауыссыздар — дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын салдырға қарағанда үн басым дауыссыздар: р, л, м, н, ң, у.
Жұп дауыссыздар Кейбір қатаң дауыссыздардың ұяң сыңарлары бар. Олар: п – б, ф – в, к – г, қ – ғ, т – д, с – з, ш – ж. Бұл жұп болған дыбыстардың жасалу орны бір-біріне өте жақын. Мысалы, п, б дыбыстары екі еріннің қақтығысуы арқылы жасалады.
Екі еріннің бір-біріне жабыса тиісуі арқылы жасалатын м, б, п еріндік дауыссыздар деп аталады.
Жіңішке дауыссыздар — сөз құрамындағы дауыссыз дыбыстардың көрші жінішке дауыстылармен үндесіп жінішкеруі (сыз — сіз, тұз — түз).
Жуан дауыссыздар — тілдің орта тұсынын қатты тандайға көтерілмеуінен тембрі (әуені) төмен, қатаң айтылатын дауыссыздар.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
Тағы қараңыз Дауыссыздар үндестігі Дауысты дыбыстар Дауыстылар үндестігі
Дереккөздер
Санат:Дауыссыздар