Шу – Жамбыл облысы Шу ауданындағы қала.

Географиялық орны Аудан орталығы Төле би ауылынан оңтүстікке қарай 8 км, облыс орталығы Тараз қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 225 км жерде, Шу өзенінің сол жағында орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен3499936531 44814 122,7 17743 21647 122 18788 23167 123,3

Сөз төркіні Қала Шу өзенінің құрметіне аталған, ал Шу () термині қытай тілінен аударғанда «су» дегенді білдіреді. Бірақ, Еркебай Қойшыбай бұл терминнің атауы түркілік рулардың бірі: шу, шуе, шуй, чуе этнонимінен алынған деп болжаған.Евгений Михайловичтің «Географические названия мира» кітабы

Қала туралы Іргесі 1928 жылы Түркістан – Сібір теміржолын салуға байланысты қаланған. Қала Мойынты – Шу теміржолы қосылғаннан кейін шұғыл дами бастады. 1960 жылдан аудан, 1965 жылдан облыстық бағыныштағы қала болады. Қалада 1995 жылға дейін жөндеу-механика, темір-бетон, қант, сүт өнімдері, автокөлік және құрылыс орындары, баспахана, ауыл шаруашылық техника бірлестіктері болды. Олардың басым көпшілігінің атауы мен құзырлары өзгеріп, экономиканың әр түрлі бағытындағы кәсіпорындар мен мекемелерге айналды. Ірілері: “Шу тепловоз жөндеу зауыты”, “Шу механикалық жөндеу зауыты”, “Шу астық тарату базасы”, “Шатыркөл” мыс кен орны , “Қызыл бидай”, “Шу автокөлік кәсіпорны”, “Шу жолаушы автокөлік кәсіпорны” АҚ-тары және “Қазақ зағиптар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны” ЖШС-і, т.б. кәсіпорындар мен мекемелер жұмыс істейді. Бұлардан басқа ауыл шаруашығы бағытта 28 шаруа қожалығы, 2 ЖШС және 1 агробірлестік бар.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Білім беру және мәдениет орындарынан жалпы білім беретін 10 мектеп, 1 кәсіптік-техникалық мектеп, 2 колледж, 6 кітапхана, 1 мәдениет үйі, 2 стадион, мешіттер, т.б. мекемелер бар. Денсаулық сақтау орындарынан 1орталық қалалық аурухана, аумақтық емхана, тубдиспансер, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік-акушерлік пункт және тіс емханасы жұмыс істейді.

Қала көріністерінен

Дереккөздер

Санат:Жамбыл облысы қалалары Санат:Шу ауданы елді мекендері