Қази Өтеуұлы (1870, Маңғыстау ауданы, Ақшымырау ауылы – 1928) – атақты атбегі.

Өмірбаяны Ат баптаудың сан тәсілдерін меңгеріп, жүйріктің қас қабағын тілсіз түсінген. Атақты шежіреші А.Меңдалыұлы: «Қазидың бәйге жирені 1929 жылға дейін бірінші бәйгені берген жоқ», – деп жазады.

Өтеуұлының әкесі Өтеу Мыңкісіұлы (белгілі атбегі) жирен тайды қырық қой, бір жылқы беріп баласына алдырады. Жирен ат 1913 – 28 ж. алты алаштың асында бас бәйгені бермеген. Өтеуұлы қайтыс болғаннан кейін ас-суға қарамаған жирен ат та көп ұзамай өліп, басы Сисем атадағы Өтеуұлының төрт құлақты тамының үстіне қойылған.«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007

Дереккөздер

Санат:Қазақстан атбегілері