Дәуренбек Құрманбеков (1898, Отырар ауданы, Қанттоғай аулы - 14.11.1938, Шымкент қаласы) — саяси қуғын-сүргін құрбаны.

Отырардан түңғыш шыққан Қазақ OAK мүшесі. 1919—23 жылы Орынбор-Ташкент темір жолында, 1924—30 жылы Шілік болыстық кеңесі аткомында, 1930—37 жылы Түркістан астық қабылдау, шөп дайындау мекемелерінде әр түрлі жауапты қызметтер атқарған.

1937 жылы жаламен камауға алынып, ату жазасына кесілген. Құрманбековтің есімі Шәуілдір аулындағы №20 кәсіптік-мектепке, аудан орталығындағы 1 көшеге берілген.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2

Дереккөздер

Санат:1898 жылы туғандар Санат:Отырар ауданында туғандар Санат:14 қарашада қайтыс болғандар Санат:1938 жылы қайтыс болғандар Санат:Шымкентте қайтыс болғандар Санат:КСРО-да репрессияланғандар Санат:Қазақ ОАК мүшелері