Жүгері () — астық тұқымдасына жататын бір жылдық дақылдардың бірі.

Еуропалықтар Оңтүстік Американы ашқан кезде «маис» деп аталатын, осы күнгі жүгері дақылдарын кездестірген. Оның алғашқы өкілін Еуропаға Христофор Колумб әкелген. Бұл данасын Х.Колумб испан короліне сыйға тартады. Ал біздің жүгерінің алғаш орныққан жері Молдавия болған. Дала ауылына кең таралуына оның мол өнім, көк балаусаны аса көп беруі де себепші болды. Бір жылдық астық тұқымдас жылылықты сүйетін өсімдік. Дара жынысты, бір үйлі өсімдік. Жүгері 12-140 С-та қаулап өседі. Аталық гүлшоғыры – собық. Тамыр жүйесі – шашақ, қосалқы тамырлары болады. В,Е дәрімендері, техникалық май, линолеум, желім, жасанды жібек алынады. Азот, фосфор тыңайтқыштары қажет. Қазақ тілі терминдер сөздігі I том

Әлемдегі өндіріс Әлем бойынша жүгері өнімі (мың тонна) 1965 226 544 1970 265 831 1975 341 661 1980 396 623 1985 485 527 1990 483 343 1995 517 329 2000 592 039 2005 714 191 2010 851 680 2015 1 052 097 2016 1 100 226 2017 1 134 747 2018 1 147 689

Ең көп жүгері өндіретін елдер (мың тонна) Ел 2014 2016 2018 АҚШ 361091 384778 392451 Қытай 215646 231674 257174 Бразилия 79882 64143 82288 Аргентина 33087 39793 43462 Украина 28497 28075 35801 Индонезия 19008 20370 30254 Үндістан 24170 26260 27820 Мексика 23273 28251 27170 Румыния 11989 10746 18664 Канада 11487 12349 13885 thumb|right|Мәдени өсіру үшін сұрыпталатын экзотикалық жүгері түрлері Басқа да астық тұқымдастар секілді піскен жүгері дәні өте қоректі келеді, оның құрамында: көмірсу, ақуыз, май, калий, фосфор, магний, кальций т. б. минералдық тұздар, витаминдер бар. Азықтық жүгері дәнінен ұн, әртүрлі жарма, ал жүгері жармасынан — жүгері үлпілдегі, үлпек дән және қытырлауық «таяқша» алынады. Жүгері үлпілдегі , үлпек дәні және қытырлауық «таяқша » — қосымша баптаулы қажет етпейтін дәмді тағам. Организмге жақсы сіңеді. Оны үш мезгілгі аста: шай, суп, қуырылған нан қосылған сорпа, компот, шырын, кисель, простокваша, айранмен т.б. жеуге болады. Ол әсіресе балаларға пайдалы (ыстық сүтке қосып береді). Қант себілген жүгері үлпілдегі мен тәтті қытырлауық «таяқшаны» ет-женді және тез толатын адамдарға, сондай-ақ қант диабетімен ауыратындарға жеуге болмайды. Жүгері үлпілдегін, «таяқшаны» үлпек дәнді құрғақ жерде сақтаған жөн. Егер үлпілдек жұмсаңқырап кетсе оны духовкаға салып келтіреді. Дымқыл тартқан үлпілдек тез көгеріп, жеуге жарамайды. thumb|right|Variegated maize ears

thumb|right|Лихтенштейндегі жүгері алаңы

Дереккөздер

Санат:Астық тұқымдасы Санат:Дәнді дақылдар Санат:Азық-түлік