Сүлеймен Мәдияров (1949 жылы туған, Маңғыстау облысы) – мұнайшы. ҚазПТИ-ді (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1989). 1966 – 1980 жылдары «Жетібай мұнай кәсіпшілігі» басқармасында мұнай жабдықтарын жөндеу слесарі, бұрғылау қондырғыларының моторшысы, жүргізуші. 1980 – 1989 жылдары автотізбек бастығы, МТКБ бастығының орынбасары, 1989 жылдан БТКБ бастығы болды. «Ерен еңбегі үшін» (1981) медалімен марапатталған.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; Дереккөздер

Санат:Тұлғалар

Санат:1949 жылы туғандар