Мәметсапа Мәмедоғлы (1820, Кендірлі – 1875) – маңғыстаулық түрікмендердің ақсақалы, мәмілегер, ақын. Маңғыстауды зерттеуге келген М.Н. Галкин мен В.П. Дандевильдің экспедициясына (1859) көмектескен. Сол үшін патша өкіметінен Станислав лентасына байланған күміс медальмен марапатталған. Қараман ата әулие басында болған қазақ-түрікмен келісіміне түрікмен жағының басшы ақсақалы ретінде қатысты. 1870 жылы Иса – Досан бастаған көтерілістен соң орыс өкіметі мен көтерілісшілер арасында қазақ билері М.Төлепов, Е.Досжанов және Қ.Қаражігітовпен бірге келіссөздерге қатысты. 1873 жылы патша өкіметінің Хиуа жорығында Маңғыстау отрядына жолбасшы адамдарымен және көліктерімен көмек көрсеткен. Хиуа ханын күші басым орыс әскерімен берілуге әрекет жасаған. Ол түбек тұрғындары арасынан алғаш рет баласын Орынбордағы Неплюев кадет корпусына (1860) оқуға берген. Хиуа хандығындағы тұтқын орыстардың қашып шығуына жәрдемдескен. Жазушы Ә.Кекілбаевтың «Күй» повесіндегі Мәмбетпананың прототипі. Мәмедоғлының ұрпақтары Түрікменстанда және Маңғыстауда тұрады.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар