Сержан Ысқақұлы Шәкіратов (1939 жыл, Маңғыстау ауданы, Ақтөбе) – күйші, журналист, ҚР-ның еңбек сіңірген қызметкері (1995).
Өмірбаяны ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1961). Маңғыстау ауданы «Жаңа өмір» газеті редакциясында (1961 – 65) «Маңғыстаумұнайгаз» бірлестігі жүйесінде (1965 – 2003) қызмет атқарды. Еңбектері Шәкіратов ұмытуға айналған аңыз, айтыс күйлерді қайта жаңғыртып тартуға мол еңбек сіңірді. Төкпе күйлердің шебер орындаушысы, Маңғыстау күй дәстүрінің көрнекті өкілі. «Ақжарма» ансамблінің жеке күйшісі. «Маңғыстау күйлері» атты күйтабағы (1980) үнтаспасының (2000); сонымен қатар «Күте тұрыңыз» (2004) «Маңғыстау күлкілері» (2007) әзіл-оспақтар жинағының авторы. Жетістіктері Қазақ мемлекеттік ұлттық консерваториясының құрметті профессоры (1999). Шәкіратов гастрольдік сапармен Түркияда (1992), Францияда (1999), Италияда (2000), Швейцарияда (2001), Бельгияда (2001), Испанияда (2001), АҚШ-та (2002) болып, өнер көрсеткен. 2-халықаралық фольклор фестивалінің (1990, Киев қаласы) дипломанты. Халықаралық және республикалық байқау, фестивальдарының лауреаты.«Маңғыстау» энциклопедиясы, Алматы, 1997;
Дереккөздер
Санат:1939 жылы туғандар Санат:Маңғыстау ауданында туғандар Санат:Күйшілер Санат:Қазақстан журналистері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері