Корея Республикасы ( Тэханмингук), бұрын Корей Республикасы деп аталғанhttps://documents-dds-ny.un.org/doc/RESOLUTION/GEN/NR0/065/17/IMG/NR006517.pdf Корей Республикасындағы агрессияға қарсы наразылық, ресми бекітілген қысқартылған атауы Корея ( Хангук немесе Тэхан, таңғы балғындық елі)http://www.moi.go.kr/frt/sub/a06/b08/nationalIcon_8/screen.do Еліміздің атауы — Корей түбегінде орналасқан Шығыс Азиядағы мемлекет. Астанасы — Сеул. БАҚ өкілдері жиі қолданатын, мемлекеттің бейресми атауы — Оңтүстік Корея.
Корей мемлекеттілігі біздің дәуірімізге дейінгі 3-4 ғасырлардан басталады. Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесі бойынша Корея бұрын Жапония империясының қол астында болған кезде КСРО-ның қарамағына өткен солтүстік бөлікке, ал оңтүстік бөлігі АҚШ-тың қарамағына бөлінді. Корея Республикасы 1948 жылы 15 тамызда Америка аймағында құрылды, содан кейін 9 қыркүйекте Кеңес Халықтық Демократиялық Республикасы деп жарияланды. Кейінгі Корей соғысы (1950-1953) елдің бөлінуін нығайтты.
Этимология
Корей тілінде Корея Республикасы Тэхан мингук (대한민국, 大韓民國) деп аталады. Дегенмен толық атаудың Хангук (, 韓國) немесе Тэхан (, 大韓) деген қысқартылған атаулары жиірек қолданылады. Кей уақытта Намхан (), яғни «Оңтүстік Хан» деген атау да қолданылады, бұл атау «Солтүстік Хан», яғни Солтүстік Корея елінің атауы болып табылатын Пукхан (, 北韓) деген сөзге қарама-қарсы бағытта қолданады. «Хан» сөзі Корей түбегін мекен еткен ежелгі Самхан тайпалық одағының атауына қатысты, ал «Корея» сөзі б.з 918—1392 жылдары Корей түбегінде өмір сүрген Корё мемлекетінің атауынан шыққан. Корё сөзінің өзі Корей түбегінің солтүстік аймағын, сондай-ақ қазіргі Қытайдың солтүстік-шығыс бөлігі мен Ресейдің Жапон теңізі бойындағы жерлерінде орналасқан ежелгі Когурё мемлекетінің атауынан шыққан.
Goryeo 1392 жылы Чосон мен ауыстырылғаннан кейін, Чосон бүкіл территория үшін ресми атауға ие болды, дегенмен ол жалпы қабылданған жоқ. Жаңа ресми атау ежелгі Кочосон елінде (ескі Чосон) пайда болды. 1897 жылы Чосон әулеті елдің ресми атауын Чосон Даехан Джегукқа (Корей империясы) өзгертті. Дэехан (Ұлы Хан) есімі Самханнан (Үш Хан) шыққан, Корей түбегіндегі ежелгі конфедерацияларды емес, Кореяның үш патшалығын білдіреді. Алайда, Чосон есімін корейлер өз еліне сілтеме жасау үшін әлі де кеңінен қолдана бастады, дегенмен бұл ресми атау болмады. Жапондықтардың билігі бойынша Хан және Джозеон деген екі есім бірге болды. Тәуелсіздік үшін күрескен бірнеше топ болды, олардың ішіндегі ең маңыздысы - Корея Республикасының Уақытша Үкіметі (대한 민임시 임시 정부 / 大韓民國 臨時 政府). Тарихы
Бөлінерге дейінгі тарихы
Корея тарихы б.з.д. 2333 жылы Чосон мемлекетінің (әдетте XIV ғасырда билік құрған Чосон әулетінен айыру мақсатында Кочосон деп атау қабылданған, Ко- префиксі «ежелгі», «ерте», «алдыңғы» деген мағынаны білдіреді) құрылуынан бастау алады. Корей аңыздарына сəйкес Кочосон мемлекетінің негізін Тангун қалаған."An extreme manifestation of nationalism and the family cult was the revival of interest in Tangun, the mythical founder of the first Korean state... Most textbooks and professional historians, however, treat him as a myth.""Although Kija may have truly existed as a historical figure, Tangun is more problematical." Аңыз бойынша Маньчжурияның Ляолин аймағы мен Корей түбегінің солтүстік-батыс өңірінде көптеген тайпалар пайда болды. Тангун осындай тайпалардың бірінің басшысы болған және корей ұлтының негізін қалаған. Тангун көптеген кіші тайпаларды біріктіріп, Кочосон мемлекетінің негізін қалаған болатын. Кочосон елін б. з. д. 108 жылы қытайдың әйгілі Хань мемлекеті басып алып, елде 4 әкімшілік округ құрады.
Ертедегі үш патшалық және Кая Қала негізіндегі мемлекеттер кейіндері тайпалық бірлестіктерге қосылып, күрделі саяси жүйе қалыптастыра бастады. Мұндай бірлестіктердің қосылуы – патшалықтардың пайда болуына себепші болды. Сондай алғашқы патшалық б. з. д. 37 – б. з. 668 жылдар аралығында өмірген сүрген Когурё мемлекеті. Мемлекет негізін Хань патшалығына қарсы шыққан Кореяның әйгілі қолбасшысы Тоңмёңсоң уаң (Жумоң уаң) қалаған. Жумоң уаң бүкіл корей халқын қытай басқыншылығынан азат етіп, бүкіл Корей түбегінің солтүстігін бір мемлекетке бағындырды.
Б. з. д. 18 – б. з. 660 жылдары өмір сүрген Пэкче мемлекеті де ертедегі үш патшалықтың бірі. Бұл патшалықтың негізін Тоңмёңсоң уаңның кенже ұлы Онджо уаң қалаған. Аталған патшалық Хангаң өзенінің төменгі сағасында, қазіргі Сеул қаласы орналасқан жердегі қаланың негізінде пайда болған.
Силла патшалығы (б. з. д. 57 – 935 жыл) Корей түбегінің оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Бұл мемлекет сол кездегі үш патшалықтың ішіндегі ең әлсіз, әрі артта қалған болатын. Алайда Силла Қытайдан айтарлықтай шалғай орналасқандықтан мұнда Қытайдың ықпалы әлсіз болды.
Кая конфедерациясы Нактонган өзенінің сағасында мекендеген бірнеше солтүстік тайпалардың бірлестігі ретінде қалыптасты.
Біріккен Силла мен Пархэ
VI ғасырдың ортасында Силла мемлекеті Кая конфедерациясының құрамына кірген барлық қалаларды өзіне қосып алды. 668 жылы Силла патшалығы Қытайдың Тан әулетімен одақтастық туралы келісімге келіп, Корей түбегін толықтай өз бақылауына алды.
676 жылы Силла Тан әулетінің Когурё мен Пэкче патшалықтарын жаулап алу жоспарына тойтарыс берді. Бұдан кейін Пэкче патшалығынан шыққан тайпалар Пархэ мемлекетін құрды.
Корё 935 жылы ішкі талас-тартыстың нәтижесінде Силла мемлекеті ыдырап, Корей түбегінде жаңа Корё мемлекеті пайда болды. Бұл мемлекеттің алғашқы билеушісі Уаң әулетінің негізін салушы Уаң Гон (Тхэджон). Уаң әулетінің тұсында Корей түбегі алғаш рет бір мемлекеттің құрамына бірікті.
Чосон
Чосон () — 1392 жылдан 1897 жыл аралығында Корей түбегінде өмір сүрген мемлекет. Бұл кезеңде елді Ли әулеті басқарған. Мемлекеттің ресми атауы — Ұлы Чосон Мемлекеті ( Тэджосон-гук), 1897 және 1910 жылдар аралығындағы атауы — Корей империясы ( Тэхан чегук).
Жапон басқыншылығы
XIX ғасырда Корея Батыстың дипломатиялық қатынас орнату талпынысына қарсылық көрсетіп келді. Осы кезде Азия мен Еуропа елдері Корей түбегіне билік жүргізу мүмкіндігіне ие болу үшін өзара бақталастық үстінде еді.
1910 жылы Қытай мен Ресейге қарсы соғыста жеңіске жеткен Жапония Кореяны жаулап алып, отаршылдық билік орнатты. Отаршыл үкімет Корея территориясында генерал-губернаторлық құрды.
1919 жылдың 1 наурыз күні елдің барлық өңірлерінде бейбіт шеру орын алды. Көтерісшілер үкіметтен елдің тәуелсіздігін талап етті, тарихта бұл оқиға «бірінші наурыз қозғалысы» немесе Самиль қозғалысы () деген атаумен қалды. Жапон үкіметі аталған шеруді күшпен басты. Бұл оқиғадан кейін 1919 жылдың 13 сәуірінде Шанхайда корей ұлтшылдары Корея Республикасының Уақытша Үкіметін ( Тэхан мингук имси чоңбу) құрады. Қазіргі таңда Корея Республикасы 1 наурызда «Тәуелсіздік күнін» тойлайды.
Бөлінгеннен кейінгі тарих
Оңтүстік Корея тарихы 1945 жылдың жазында түбектегі билікті бөлісу жөнендегі Кеңес Одағы мен АҚШ арасындағы келісім-шарттың қабылдану сәтінен бастау алады. Келісім-шартта Корея түбегінен өтетін 38 параллельдің оңтүстік бөлігі АҚШ-тың құзыретіне, ал солтүстік бөлігі КСРО құзыретіне өтетіндігі жазылған
Корея Республикасының Конституциясы бойынша жапон басқыншылығы кезінде қудаланған Корея Республикасының Уақытша Үкіметі 1919 - 1948 жылдар аралығында мемлекетте билік құрған заңды үкімет болып табылады. Ел тарихында демократиялық және авторитарлы басқару кезеңдері алмасып отырды. 1948 жылы Ли Сың Ман Оңтүстік Кореяның бірінші Республикасын, яғни алғашқы тәуелсіз үкіметін құрады. Алғашқыда демократиялы ел болған Бірінші Республика 1960 жылдарға дейін автократты басқару жүйесін ұстанды. Қазіргі кезде мемлекет басында Алтыншы Республика билік етуде.
Оңтүстік Корея үкіметі тәуелсіз мемлекет болып құрылған сәттен бастап білім беру жүйесін, экономикасы мен мәдениетін дамытуда үлкен істер атқарды. 1960 жылдары аграрлы саясат ұстанған, кедей мемлекет қазіргі таңда дамыған өнеркәсіптік мемлекетке айналды. Экономикада бұл ғажайыпты «Хангаң өзені бойындағы ғажайып» () деген атауға ие.
Географиясы, климаты және пайдалы қазбалары Географиясы нобай|right|200px|Чеджудо аралына көрініс Корея Республикасы – Корей түбегінің оңтүстік бөлігінде орналасқан. Жер аумағы — 100 210 км² құрайды, әлем бойынша 109–орында. Бұл көрсеткіш Қазақстан Республикасының жер аумағы бойына ең кішкентай Солтүстік Қазақстан облысымен шамалас.
Түбек батысында – Сары теңізбен, шығысында – Жапон теңізімен, ал солтүстігі – Корей бұғазы мен Шығыс Қытай теңізімен шайылып жатыр.
Жер бедері негізінен таулы, жазық далалар территорияның тек 30% алып жатыр.
Корей түбегінің жағалауында шамамен 3000-нан астам адам мекендемейтін ұсақ аралдар орналасқан. Ең ірі арал — Чеджудо аралы.
Жер бедері және пайдалы қазбалары Корей түбегіндегі ең биік нүкте – Пэктусан тау жотасы болып саналады. Оның биіктігі теңіз деңгейінен 2744 метр, Қытай мен Солтүстік Кореяның шекарасында орналасқан. Ал Корея Республикасының территориясындағы ең биік нүкте – Чеджудо аралында орналасқан Халласан (1950 м) сөңген жанартауы болып табылады. Елдің орталығы мен шығысын Шығыс Корей таулары () алып жатыр.
Оңтүстік Кореяда бірнеше көлдер мен ірілі ұсақты өзендер бар, солардың ішіндегі ең ірі өзен – Нактонган өзені (ұзындығы 506 км, бассейні 23 384 км²) болып табылады. Ол Тэгу, Пусан секілді ірі қалалар арқылы ағып өтеді. Сондай-ақ Хангаң (481,7 км) өзені елдің астанасы - Сеул қаласын кесіп өтеді.
Климаты Кореяның климаты табиғат мезгілін анық ажыратуға мүмкіндік береді. Елдің әртүрлі аймақтарындағы ауа температурасы да қатты өзгеріп отырады. Орташа температура ауытқуы шамамен 6 °C (43 F) тан 16 °C (61 F) ға дейін. Климаты жағынан — муссонды, жазы – ыстық, әрі ылғалды, қысы – біршама суық және құрғақ. Жылдық жауын-шашын мөлшері Сеулде 1370 миллиметрден Пусанда 1460 миллиметрге дейін құбылады.
Мемлекеттік басқару жүйесі Конституция
Корея Республикасының тұңғыш Конституциясы 1948 жылдың 17 шілдесінде қабылданған. Осы күнге дейін көптеген саяси дүрбелеңдер мен төңкерістер салдарынан Конституцияға тоғыз рет өзгерту енгізілген. Ең соңғы өзгерту 1987 жылы 29 қазан күні жасалды.
Конституция Преамбуладан, 130 бап пен 6 толықтырудан тұрады. Құрылымы 10 тарауға бөлінген: I тарау: Жалпы бөлім; II тарау: Азаматтардың құқықтары мен міндеттері; III тарау: Ұлттық жиналыс; IV тарау: Атқарушы билік; V тарау: Соттар; VI тарау: Конституциялық сот; VII тарау: Сайлау жүйесі; VIII тарау: Жергілікті өзін-өзі басқару; XIXтарау: Экономика; X тарау: Конституцияға толықтырулар мен өзгерістер; Қосымшалар.
Президент
Корея Республикасының мемлекет басшысы – президент болып табылады. 2017 жылдың 10 мамыры заңгер, саясаткер және мемлекеттік қайраткер — Мун Джэ Ин Корея Республикасының 12-президенті болып сайланды.
Парламент
Корея Республикасының Парламенті 300 орыннан тұратын, бір палаталы Ұлттық жиын (, Ұлттық жиналыс), заң шығарушы орган.
245 депутат мажоритарлық жүйе бойынша бір мандатты округтарда, ал 54 – ұлттық партия тізімі бойынша сайланады. Депутаттардың өкілеттілігі – 4 жыл.
Парламентке депутаттарды сайлау 1948 жылдан бастап жүргізілуде. 1972 жылдан 1988 жылдар аралығында елде диктаторлық жүйе болғандықтан, жалған сайлаулар жүргізілді. 1998 жылдан бастап Оңтүстік Корея демократиялық ел болып есептеліп, сайлау бес жылда бір рет жүргізілетін болды.
Әкімшілік бөлінісі
Оңтүстік Корея 9 провинцияға (то), 6 провинцияға теңестірілетін қала-метрополияға (1995 жылға дейін тікелей орталыққа бағынатын қала (кваңёкси) деп аталынған), және 1 ерекше статусқа ие қалаға (тхыкпёльси) бөлінген. Олар өз кезегінде бір қатар кіші бірліктерге бөлінеді: қала (си), уезд (кун), қалалық муниципалды аймақ (ку), кент (ып), болыс (мён), аудан (тон) және ауыл (ри).