Ақберен сөзі келесі мәндерге ие болуы мүмкін: Батырлар киетін жапырақ торлы сауыт. Аcыл болаттан соғылады. Оны қылыш кеспейді, найза теспейді. Қазақтар сауытқа денені терлетпеу үшін көздер тесіп салатын болған. Батырлық жырларда қос көзді және бадана көзді деген түрлері бар.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Болаттан соғылған ұзын ұңғылы шиті мылтық. Салмағы ауыр болғандықтан, ұңғының үш жағына таяныш орнатылады. Ондайды сирақты мылтық деп атаған. "Мылтық келді ақберен, жұтылмас жау көздегенге", - дейді халық.
Берен сөзі қазақ тілінде “асыл болат” деген мағынаны білдіреді. Ескі мылтықтың оқпандары жарылмас үшін асыл болаттан соғылған. Берен болаттан соғылғанын мылтықтың оқпанындағы алмастың түріне тән өзіндік өрнегінен айырады. Сонымен бірге әр асыл болат түрінің өзіндік түсі, реңкі болады: яғни ақ, көк, қызыл түсті болаттар бар. Түсіне сәйкес бұл асыл болаттар ақ алмас, қызыл алмас деп аталған. Оқпандары ақ алмастан, берен болаттан соғылған мылтықтарды болаттың түсіне қатысты “ Ақ берен” деп атайды. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Қылыш, семсердің бір атауы. Ауыз әдебиетінде ақ алмастан соғылған қылыш, семсер кейде “Ақ берен” деп аталады.
18 - 19 ғасырлардағы қазақ ақындары шығармаларының ғылыми жинағы. 1972 ж. "Жазушы" баспасынан 32 мың данамен жарық көрген. Құрастырып, баспаға әзірлеген, алғы сөзін жазған К.Сыдиков. Жинаққа енген ақын-жыраулар шығармаларының көшірмесі алғаш рет жарияланды. Дереккөздер
Санат:Қарулар