Авиациялық метеорологиялық станция — әскери және азаматтық авиацияның ұшуына қызмет етуге арналған метеорологиялық станция. Авиациялық метеорологиялық станция аэродром ауданында орналасады, оның метеорологиялық және аэрологиялық бақылау жүргізу үшін арнайы құрал-жабдықтары бар. Онда метеоролог және радист мамандар қызмет етеді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс