Алдын ала анықтау органы — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі алдын ала анықтау органы. Ол қылмысты істерге алдын ала тергеу жұмыстарын жүргізу үшін құрылады. Сондай-ақ қылмысты бұлтартпай мойындату және одан сақтандыру үшін қаралатын қылмыстық-процессуальдық кодекс шаралары да карастырылады. Ол әскери алдын ала аныктау жұмыстарын басқарады; қылмыстық белгілер табылған жағдайда қылмыстық іс қозғауға міңдетті я болмаса құкығы бар және оқу жиынын өту кезінде әскери қызметшілер және әскери міндегтілер, сондай-ак Қазақстан Армиясы мен Әскери-теңіз флотында қызмет атқарып жүрген немесе бөлімдердегі жұмысшылар және кызметшілер жасаған барлық қылмыстар туралы алдын ала анықтау жүргізеді. Қозғалған қылмыстық іс жайлы алдын ала анықтау органы әскери прокуратураға хабарлайды.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс