Артиллериялық дайындық кестесі — қорғаныс шебін бұзуда қарсыласты ракеталық әскермен және артиллериямен жою жоспарының кұрамдас бөлігі.
Шабуылға атыс дайындығы кезеңінде ракеталық және артиллериялық бірлестіктердің (топтардың, бөлімдердің, белімшелердің) атыс тапсырмаларын орындау бірізділігі, уақыты және әдістері көрсетіледі. Кестеде ракеталық соққы беру және артиллерияның атыс жүргізу уақыты "Ч" уақытына қатысты есептеледі. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Тағы қараңыз Артиллерия
Дереккөздер
Санат:Әскери іс