Бақыт Тоқсанбайқызы Қарабалина (1939, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы-1991) - домбырашы, Қазақстанның халық әртісі, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының профессоры.
Өмірбаяны 1965 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының халық аспаптар факультетін (А. Жұбанов пен Л. Мұхитовтың сыныбы бойынша) бітірді. 1960 жылдан бастап, Құрманғазы атындағы Қазақтың Мемлекеттік халық аспаптар оркестрінің домбырашы-солисті. Оркестрдің құрамында ол әлемге қазақтың домбыра музыкасының сұлулығын танытты, көптеген елдерде өнерлік іс-сапарларда болды. Ол қазақтың халық композиторлары: Құрманғазының, Сейтектің, Дәулеткерейдің, Мәменнің, Қазанғаптың күйлерін орындаушы. Бақыт Қарабалинаның орындауында күйлер ерекше тереңдігімен айрықшаланады. Оның репертуарында қазақ және шетелдік композиторлардың шығармалары бар.
Дереккөздер
Санат:1939 жылы туғандар Санат:1991 жылы қайтыс болғандар Санат:Құрманғазы ауданында туғандар Санат:Домбырашылар Санат:Қазақ КСР-інің халық әртістері Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессорлары Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы түлектері Санат:Құрманғазы атындағы Қазақтың Мемлекеттік халық аспаптар оркестрі домбырашылары