Гарнизондық патруль () — көшелердегі және қоғамдық орындардағы, сондай-ақ гарнизонға іргелес елді мекендердегі әскери қызметшілер арасында реттілік пен жоғары әскери тәртіпті сақтау үшін әрбір гарнизонда тағайындалатын наряд орындаушылар. Бір патруль құрамында 3-4 орындаушы болады, оның бірі патруль бастығы болып тағайындалады. Гарнизондық патрульдер кoмендантқа және қарауыл бойынша кезекшіге бағынады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс