Токарев Валентин Петрович (1925 – 2007, Ақтау қаласы) – мұнайшы, АқтМУ-дың құрметті профессоры (2005).

Өмірбаяны Грозный мұнай институтын бітірген (1952).

1943 жылдан Атырау мұнай өңдеу зауыты құрылысында құрылысшы, 1952 – 1957 жылдары аға геолог, «Қазақстанмұнайгазбарлау» тресінің басшысы, 1957 – 1989 жылдары «Маңғышлақмұнайгазбарлау» тресінде бас геолог болды.

Марапаттары Ленин сыйлығының лауреаты (1966), Ленин (1963), «Халықтар достығы» (1980), «Құрмет» (1999) ордендерінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1985), Жетібай, Қаражанбас мұнай кен орындарын алғаш ашушы дипломымен (1981, 1985) марапатталған.«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.

Дереккөздер

Санат:1925 жылы туғандар Санат:2007 жылы қайтыс болғандар Санат:Ақтауда қайтыс болғандар Санат:Геология-минералогия ғылымдарының докторлары Санат:Лениндік сыйлықтың иегерлері Санат:Кен орындарын алғашқы ашушылар Санат:Грозный мұнай университеті түлектері Санат:Ақтөбе мемлекеттік университетінің құрметті профессорлары Санат:Қазақстанмұнайгазбарлау тұлғалары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Халықтар Достығы орденінің иегерлері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасының иегерлері Санат:Құрмет орденінің иегерлері