Автожолдық карта (Автодорожная карта) — әскерлер мен әскери техниканы автомобильмен тасымалдауды ұйымдастыру және жүргізу, сонымен бірге тылды ұйымдастырумен байланысты іс-шараларды жүргізу кезінде қолданылатын карта (әдетте, масштабы 1:1000000, 1:500 000). Автожолдық картада қара жол немесе жол жамылғының ені, класы, бұрылыстар мен еңістер сипаты, жолдық құрылыстар, өткелдер, елді мекендер арасындағы қашықтық және т.б. мәліметтер беріледі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Карталар Санат:Автожолдар