Аппарель ( - "кіре беріс") Аппарель (әскер) — әскери-инженерлік істе жар қабақтан көлбей түсетін еңістік, тік жерлерге қойылатын көлбеу құлама. Қару-жарақ, автомобиль және танкілер жасыратын орын ретінде кеңінен қолданылады. Бекініс қамалдарда Аппарель зеңбіректі жоғарғы алаңға сүйретіп шығару үшін орнатылады. Аппарель окоптарда, бойтасаларда және басқа да құрылыстарда танкілердің, зеңбіректердің және автокөліктердің кіріп-шығуын ыңғайлы ету үшін кеңінен қолданылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001 Аппарель (темір жол) - темір жол платформаларына автомобиль, трактор т.б. мәшинелер тиеуге арналған еңістік. Аппарель (көлік) - кемелерге немесе тікұшақтарға жүкті артуға немесе түсіруге арналған еңістік.

Дереккөздер

Санат:Әскери іс