Шашыраңкы гемолиз реакциясы — иммунодиффузия реакциясының бір түрі. эритроциттердің комплемент бар ортада тәнді антиденелермен еруі. Шашыраңкы гемолиз реакциясы гелді ортада жүреді: зерттейтін қан сарысуын гельдің ортасынан жасаған ұяға кұяды, гельге антигенмен байланысқан эритроцит және комплемент косады. Гемолиз аймағының көлемі мен оның қарқыны қан сарысуындағы антиденелердің мөлшеріне байланысты.

Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X

Дереккөздер

Санат:Медицина Санат:Вирусология Санат:Иммунология Санат:Генетика Санат:Молекулалық биология