Светқали Нұржан (1962 жылы 1 қаңтарда Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Қаңға-баба ауылында туған) — ақын, Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1996), Құрмет орденінің иегері (2017).

Өмірбаяны Светқали Нұржан 1962 жылы 1 қаңтарда Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Қаңға-баба ауылында дүниеге келген. 1979 жылы Қарақия ауданы, Жетібай кентіндегі №8 орта мектепті тәмамдаған. Еңбек жолын орта мектепті бітірген соң жылқышы, мұнай өндірісінде жұмысшы болған. 1981 - 1986 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде біілім алған. 1986 – 1987 жылдары «Пионер» (қазіргі Ақ желкен) журналында, 1988 – 1994 жылдары Қарақия аудандық мәдениет бөлімінде қызмет етті. 1995 жылдан бастап Маңғыстау облыстық «Өнер» қорын басқарды. 2000 – 2012 жылдары республикалық Үш қиян газетіне құрылтайшылық қылды.

Шығармашылығы «Аудитория» (1985 ж., ұжымдық жинақ); «Аруана» (1993) «Таң қауызын жарғанда» (2002 ж., 3 томдық жыр-дастандар) «Ай таранған түн» (2008 ж., жыр-дастандар) «Әулиелер әуезі» (2009 ж., тәржіма) «Еуропа поэзиясы» (2010 ж., аударма) «Еуропа классикалық поэзиясы» (2011 ж., аударма) «Қырық хикмет» (2013 ж., тәржіма) «Дәрменсіздер дәлелі» (2013 ж., тәржіма) «Таңның лағыл жұлдызы» (2015 ж., жыр-дастандар) «Сарыайшықтың көзесі» (2019 ж., жыр-дастандар) «Жұлдыздардың жұпары» (2019 ж., жыр-дастандар) «Генрих Гейне» (2019 ж., аударма) «Шыңға ілінген жетім жұлдыз» (жыр-дастандар), «Шамдалдағы нұр» (жыр-дастандар), «Жастықтың жазғы жайлауы кітаптары баспада, 22 томдық шығармалары ақынның қоржынында жатыр. 2017 жылы ақын Светқали Нұржанның 55 жылдығы қарсаңында «Баба түкті боз дала» атты шығармашылық кеші өтті.http://https ://lenta.inform.kz/kz/svetkali-nurzhannyn-baba-tukti-boz-dala-atty-shygarmashylyk-keshi-otti_a3105379?nomodal=1/

Марапаттары 1996 жылы — Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреатыМаңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; Қазақстан жазушылар одағының Төлеген Айбергенов атындағы сыйлығының иегері ҚР Президентінің әдебиет саласындағы президенттік степендиясының иегері Ерен еңбегі үшін медалінің иегері 2017 жылдың 5 желтоқсанындағы ҚР Президентінің жарлығымен Құрмет орденімен марапатталған. Махамбет атындағы сыйлық иегері. 18 наурыз 2022 жылы — Отан орденіПрезидент Токаев наградил ряд казахстанцев. tengrinews.kz

Дереккөздер

Санат:Қазақстан ақындары Санат:Дарын мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері