Гранататқыш - гранат лақтырғыш жеңіл кару. Үш түрі бар. 1) Қол гранататқышы сауыт бұзғыш немесе жарықшақтықфугастык, гранатты атуға арналған, алып жүруге ыңғайлы, жеңіл. Ол ұңғы, көздегіш тетік, шүріппе, тұтқа және қосымша тетіктерден тұрады. Калибрі — 40 — 99 мм, нысана қашықтығы — 400 м. 2) Винтовкалық гранататқыш — винтовка үңғысына кигізілетін арнаулы жинамалы қондырғы. Гранат дәрі газының дүмпуімен лактырылады. Танктер мен сауытты техникаға қарсы қолданылады. 3) Мылтықты гранататқыш (қысқа мойынды винтовка) - жаяу әскерді фугастық (жарыкшақтык) гранатпен закымдауға арналады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс