Ацтек жазуы — ацтектер пайдаланған, науатльде жазылған мәтіндер жинағы. Ацтек жазуы тұтас алғанда пиктографиялық болғанымен, онда иероглифтер элементі де аз емес. Пиктограммалардың орналасуында нақты жүйе жоқ: олар көлденен, тік немесе қарама-қарсы бағытта орналасқан. 16 ғасыр испандықтар жаулап алғаннан кейін, испан әліпбиі қабылданған кезде, дін және заң жүйесінде ацтек жазуы көпке дейін қолданылып келген.Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9
Дереккөздер
Санат:Жазу түрлері Санат:Ацтектер