ПарадигматикаҚазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3 тіл жүйесін зерттеудегі екі аспектінің (парадигматикалық, синтагматикалық) бірі. Парадигматика — парадигматикалық қатынастарды, олардың топтастырылуын, қолданылатын салаларын қарастыратын тіл білімінің тарауы. Бұл тұрғыда Парадигматика синтагматикаға (қара) қарама-қарсы құбылыс болып табылады; кең мағынада — Парадигматика лингвистикалық топтарға тән парадигматикалардың жиынтығы түрінде танылатын тілдік жүйе дегенді білдіреді. Парадигматика тіл бірліктерінің вертикаль (тік) қалпындағы қатынастарын зерттейді. Ср. Синтагматика.Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы.

«Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9

Дереккөздер

Санат:Қазақ тілі Санат:Лингвистика