Адамның табиғатты өзгертуі (Изменение природы человеком) — адамзаттың дамуы барысында табиғат заттектерін және табиғаттың физикалық және химиялық сипаттамаларын өзгертуі. Тарихи ауқымда А.т.ө-нің бірнеше кезеңін саралауға болады; бұл кезеңдер экологиялық дағдарыстармен және олармен қабаттасқан экологиялық революциялармен аяқталып отырды. Бұл кезеңдер мыналар: 1) адамдардың биосфераға тек әдеттегі биологиялық түрлер ретінде әсер еткен кезі; 2) адамзаттың қалыптасуы кезеңінде экожүйелерді күрт өзгертпеген үдемелі аңшылық кезеңі; 3) мал жаю, жерді өртеп, шөптің өсуін жеделдету және т.б. әрекеттер арқылы экожүйелерді өзгерту; 4) экожүйелердің бір бөлігін түбегейлі өзгертіп табиғатқа ықпал-әсерді күшейту; 5) шаруашылықтың шектеусіз үдеуімен байланысты тұтас биосфераның барлық экологиялық құрамдастарының ғаламдық өзгеруі. Соңғы кезең біршама бертін — 300 жылдай ілгеріде басталып, қазір ең шиеленіскен шегіне жетті.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғатты қорғау. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001. ISBN 5-7667-8188-1
Дереккөздер
Санат:Экология