Василий Ломаченко (17.02.1988 ж.,Туған жері: Одесса облысы Белгород-Днестровский қаласы) — Украин әуесқой боксшысы, Әлемдік бокс сериясында өнер көрсететін Украина атамандары мүшесі әрі капитаны. Лақап есімі: Хай-тек Бойы: 169 см. Салмақ дәрежесі: 60 кг. Бокстан Украинаның бірнеше дүркін чемпионы. 2006 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы. 2007 жылы АҚШ-тың Чикаго қаласында өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 2008 жылы Англияның Ливерпуль қаласында өткен Еуропа чемпионатының жеңімпазы. 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының жеңімпазы. Олимпиада ойындарындағы ең үздік боксшыға берілетін Вэл Баркер кубогының иегері. 2009 жылы Миланда өткен әлем чемпионатының жеңімпазы. 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының жеңімпазы.

Санат:Украина боксшылары Санат:2008 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:Украина Олимпиада чемпиондары Санат:Бокстан Олимпиада чемпиондары Санат:Бокстан әлем чемпиондары Санат:Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары Санат:Бокстан Еуропа чемпиондары