Әлмұрат ҚұлшарұлыМаңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;(1873, Адай уезі(қазіргі Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы), Жыңғылды ауылы – қайтыс болған жылы белгісіз) – әнші, күйші, саятшы. Тоғыз тарау «Науайы», Елбайдың, Есірдің және Қырықмылтық Құлшардың айтыс күйлерін, сондай-ақ алпыс екі тарау «Ақжелеңнің» бірнешеуін кейінгі ұрпаққа жеткізген. Бұдан басқа оның күй қорында «Балбырауын Ханқожа» мен «Қызыл қайың» атты итіне арнап шығарған күйі де болған. Құлшарұлының шәкірті – Шамғұл Ыбырайымұлы. Дереккөздер
Санат:Тұлғалар Санат:Күйшілер