KazSat-1 — Жер айналымында тұрақты жайғасымында (103° E) орнатылған Қазақстанның алғашқы ғарыш жабдығы. 2008 жылы желтоқсанның 2 «Қазсат-1» жер серігі жұмысын толығымен тоқтатқаны туралы Парламент Мәжілісінде Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысында Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлімдеді. Борттағы басқару жүйесінің белгісіз себептермен жиі істен шығуы мен құрылғының сапасыздығы мүшкіл жағдайға әкеп соқты, деді агенттік төрағасы.Қазсат-1 жер серігі жұмысын толығымен тоқтатты, . Ал 2011 жылы қыркүйекте Қазақ Ұлтық ғарыш агенттігі төрағасы «Kazsat-1» ғарыш серігі 65 млн. долларға сақтандырылған, сондықтан «Kazsat-1» ғарыш серігіне жұмсалған қаржы толығымен қайтарылды деп жариялады.Қазсат-1 жер серігіне жұмсаған қаржы қайтарылды .
2004 ж. қаңтарда Қазақстан Үкіметі және Хруничев атындағы Ресей Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығымен (МҒҒӨО) KazSat-1 жасалуы мен ұшырылуына арасындағы келісім-шарт қол қойылды. Келісім-шарттта сонымен қатар ұшуда ғарыштық аппаратты басқару және бақылау, сондай-ақ ұлттық кадрларды оқыту және даярлау үшін жер инфрақұрылымы көзделген.
KazSat ғарыштық жабдығы 2006 ж. маусымның 18-інде Байқоңыр айлағынан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Ресей президенті Владимир Путин қатысуымен ұшырылды.
KazSat-тың ұшырылуынан бастап Қазақстанның ғарыштық бағдарламаларын іске асыру басталады.
KazSat Жер серігі 72 MHz өткізгіштік жолағымен 40 W және 90 W Ku-диапазонындағы 12 транспондерлермен жабдықталған. Жер серігінің қамту аймағы Қазақстанның аумағын, Орталық Азия республикаларын, Кавказды, Ресейдің орталық бөлігін қамтиды.
Жер серігінің аппаратурасы кіші диаметрдегі антендік жүйелерге дабылдың жақсы қабылдауын қамтамасыз етеді.
KazSat телерадиохабарларын тарату арналары, телефондық байланыс, деректерді беру, Интернет желісіне кеңжолақты қол жеткізу, VSAT-желілерді құру және дамыту, ведомстволық және корпоративтік байланыс желілерін құру, мультимедиялық қызметтер пакетін көрсету үшін арналған.
Тағы қараңыз ҚазСат-2
Сыртқы сілтемелер KazSat-1 Жер серігі Космический аппарат спутниковой связи и вещания «Казсат»
Санат:Жер серіктері Санат:Қазақстандағы ғарыштану