Қатаю () — 1) сұйық балқыманың қалыпқа құйғанда кристалданып, қатаю процесі. Алдымен кристалдану орталықтары пайда болып, ол ұлғая түседі. Нәтижесінде кристалл түйіршіктері, олардың бір-бірімен жанасуы арқылы құрылым түйіршіктері түзіледі. Толық қатайған соң құйма қалыптасады; 2) қорытпаның сұйық күйінен қатты күйге айналу процесі. Қатаю процесі қалыппен жанасқан бетінен басталып, балқыманың орта шеніне қарай жалғаса береді. Қатаю уақыты қорытпа массасы мен көлденең қимасына байланысты анықталады (белгіленеді).Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6
Қатаю — материалдың сұйық және пластикалық күйінен қатты күйге өтуі.Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006. Механикалық жиын қатайған кезде оның тыныштық күйі бұзылмайды. Бүл аксиома арқылы күш әсеріндегі дене деформацияланбайды деп алынып, оның тыңыштықта болуын және қозғалысын зерттеуге абсолют қатты дене үғымы енгізіледі. Статикада дененің тепе-тендікте болу күйін тандауға мүмкіндік беретін қарапайым өрнектер корытып алуғв негіз қаланады.
Дереккөздер
Санат:Техника Санат:Машина жасау